Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан ауыл тұрғыны жазаланды 

Павлодар облысында алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан ауыл тұрғыны жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері алкогольге қарсы заңнама саласындағы бұзушылықтарды анықтауға бағытталған іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады.

– Кезекті тексеру кезінде Шарбақты ауданының Галкино ауылындағы үйлердің бірінде учаскелік полиция инспекторы алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады. Сағат 16:35-те үй иесі “Пшеничная” маркалы арақтың бөтелкесін сатты. Кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін “сатушыға” қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал әрі қарай шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар полицейлері кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін 55 адам жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру