Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада ер адам тұрғыннан асыл тұқымды тауық ұрлап кетті

Ақмолада ер адам тұрғыннан асыл тұқымды тауық ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 30 маусымында Целиноград ауданының полиция бөліміне Р. Қошқарбаев ауылылының 32 жастағы тұрғыны 30 маусымға қараған түні белгісіз адам қорадағы желкөзді бұзу арқылы 13 тауық ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Шығын сомасы 60 мың теңгені құрады.

Ауланы аралау барысында учаскелік полиция инспекторы Андрей Ломако күдіктінің жеке басын анықтады. Бұрын сотталмаған 36 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады. Ол жеке мақсаттар үшін 10 брама тауықтары мен 3 үй тауығын ұрлағаны белгілі болды. Оған әсіресе үлкен, асыл тұқымды құстар ұнаған.

Полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру