Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанның кинологтарын есірткі іздеуге оқытты

Қазақстанның кинологтарын есірткі іздеуге оқытты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кинолог-мамандар мен қызметтік иттерді дайындау бойынша жұмыс бағдарламасы аясында ҚР ІІМ кинологиялық орталықта арнайы семинар өтті.

Мақсат – лауазымдық нұсқаулықтарды орындауға және алға қойылған міндеттерді ойдағыдай шешуге қажетті құқықтық білім негіздерін, арнайы, теориялық және тәжірибелік даярлығын, дағдыларын меңгерген кинологтарды дайындау.

– Іс-шара барысында өсімдік тектес есірткілерді анықтау, граффити жарнамаларын орналастыру, курьерлердің, қоюшылардың жұмысы, тергеу-жедел тобы құрамындағы кинологтардың жұмысы, сондай-ақ, синтетикалық есірткілерді өндіруге арналған зертханаларды анықтау бойынша жеті әлеуметтік бейнероликті көрсеттік. Нарколог-дәрігер өз кезегінде спайс-індеті жайында айтып берді. “Сұрақ-жауап” форматында жиналғандардың сұрақтарына жауаптар берілді, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру