Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында қызметтік іздестіру иттері біліктілікті артыру курстарын өтті

Қызылорда облысында қызметтік іздестіру иттері біліктілікті артыру курстарын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері өздеріне бекітілген қызметтік іздестіру иттерімен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы қаласындағы Кинологиялық оқу орталығында үш сала бойынша, яғни есірткі затын іздеу, одорология – иістерді сәйкестендіру және адам иісі бойынша ізге түсу  біліктілікті артыру курстарын аяқтады.

Оқу курстарының қорытындысымен Республика бойынша Кинолог мамандардың арасында өткізілген жарыста Қызылорда ОПД Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологы Азиз Арифов өзіне бекітілген Вена атты қызметтік итімен “Заттардан іріктеме алу” және “Абсолюттік сынақ” бойынша жүлделі екі екінші орынды иеленген.

Сонымен қатар Жалағаш АПб кинолог маманы Шоқан Махамбетжанов өзіне бекітілген Виви атты қызметтік итімен “Із кесу” саласы бойынша жүлделі үшінші орынды иеленді. Бұған қоса патрульдік полиция батальонының полицей кинологы Бердібек Жаңғабыл өзіне бекітілген Феликс және Вулкан атты қызметтік иттерімен “есірткі затын іздеу” бойынша жүлделі екінші орынды және “одорология” саласы бойынша үшінші орынды иеленді.

Кинология орталығында жалпы 21 қызметтік іздестіру иттері бар. Олар есірткі затын іздеу бойынша, із кесу саласы, жарылғыш затын іздеу, одорология саласы және шабуылдау бағыттары бойынша үйретіліп, қызмет атқарады.

Жыл басынан бері қызметтік іздестіру иттерінің қатысуымен барлығы 101 қылмыстар әшкереленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру