Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда Корей азаматы анасын балағаттаған танысын пышақтады

Атырауда Корей азаматы анасын балағаттаған танысын пышақтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда Корея елінің азаматы өзінің тұрғылықты мекен-жайында танысымен ішімдік ішікен. Араларында кикілжің туындап, екеуі өзара сөзге келіп қалған. Әлгі танысы 45 жастағы ер адамның анасын балағаттап, оған тіл тигізеді. Сол кезде ашуланған айыпталушы үйіне жүгіріп кіріп, пышақ алып қайта шыққан. Қолындағы пышақты танысына сұғып дене жарақатын салған. Жәбірленуші аман қалды. Күдікті ер адам өз кінәсін толығымен мойындады.

Айыпталушыға сот үкімімен ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, төрт жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Одан жәбірленушілерге өтемақы қорына жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру