Ер адам саяжайға ұрлыққа түскен
Қарағанды қаласында 61 жастағы ер адам саяжайға ұрлыққа түскені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 маусымда сағат 11.45 шамасында Қарағанды қаласы ПБ Теміржол полиция бөліміне 57 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі саяжайда белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, тоғыз мың теңге шамасында шығын келтіргені туралы арызданды.
Жедел тергеу тобының қызметкерлері іздестіру шаралары кезінде ұрлыққа қатысты күдікті ретінде 61 жастағы ер адамды қолға түсірді, қазіргі уақытта күдікті кінәсін мойындады.
ҚР ҚК 188-бабы бойынша «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.