Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мамандығын мақтан еткен азамат

23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы Отанына адал қызмет етіп, ел қорғаны болған полицейлер туралы жарияламақ.

Олжас Дюсенбеков 23 қаңтар 1990 жылы Аягөз қаласында дүниеге келген. Олжас – арманының алғашқы баспалдағын аттаған жігіт. Өйткені ол мектеп оқып жүрген кезден-ақ “қандай мамандықты қалайсың?” деген сұраққа, бірден полиция, есейе келе заң қызметкері деп жауап беретін. Сол арман, сол мақсат қаладағы №7 орта мектепті ойдағыдай бітірген Олжасты ҚР Әділет Министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжіне бастап апарды. Олжас мектепте де, колледжде де қоғамдық жұмысқа белсене араласып, кез келген іске ұйытқы бола білумен жолдастары арасында ерекше ұйымдастырушы қабілетімен көзге түсе білді.

Өмір бойы теміржол саласында абыройлы енбек етіп зейнеткерлікке шыққан әкесі Төлеген баласының өз жолын қуып, осы салада өзі жетпеген жетістіктерге Олжастың жеткенің қалағаны анық әрине. Алайда баласының таңдауына қарсылық білдірмеді. Бірақ бүгінгі күні оған өкініп те отырған жоқ. 2010 жылы колледжді алдынғы қатардағылардың бірі болып аяқтаған Олжас, өз туған қаласы Аягөзге оралып 2010 жылы ШҚО бойынша ҚАЖД Аягөз аудандық Қылмыстық-атқару инспекциясының әділет ювеналды тобының инспекторы қызметін бастап, қазіргі таңда сол бөлімде аға инспекторы болып қызмет атқаруда. Өз бөліміндегі ең тәжірибелі маман. Бөлім қызметкерлерің, аудан көлемінде қол жеткізген жетістіктеріне қомақты үлесі осы Олжасқа тиесілі. Өзінен кейінгі жастарға үлгі өнеге бола білді. Әрдайым іс-тәжірибесімен бөлісуге дайын.

– Жаңадан келген жастар келіп, “Олжас Төлегенұлы, мынаны қалай істесем болады?” деп ақыл сұрағанда осы қызметте 10 жыл қалай тез өтіп кеткенін сезінемін. Әлі де оқысам білімімен біліктілігімді жалғастырсам деймін, – деп ойлы да, орайлы әңгіме өрбіткен Олжасқа арманының жалғасын таппақ, ол келесі баспалдақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру