Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде​ құқық қорғау органдарының қызметкерлері​ арасында самбодан жарыс өтті

Семейде​ құқық қорғау органдарының қызметкерлері​ арасында самбодан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы​ “Динамо” спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері арасында самбо күресінен жарыс өтті.

Түрлі салмақ дәрежесіндегі 12 команда күрес кілемінде​ жеңіске жету үшін бақ сынады. Барлық қатысушылар жақсы техника мен жеңіске деген құлшынысын көрсетті.

Тартыстың нәтижесінде 1-орынды – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері, 2-орынды – жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері, 3-орынды – ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері​ иеленді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің қызметкері Алмаз Есингалиев самбо күресімен бала кезінен айналысқан.

​- Мен нәтижеге өте ризамын. Менің өмірімде спорт ерекше орын алады. Құқық қорғау органдары арасында самбо күресінен өтетін жарыстарға үнемі қатысып тұрамын. Менің ойымша, мұндай бәсекелестік қажет, әсіресе құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін керек. Өйткені, біздің мамандық жекпе-жек, спорт бере алатын жақсы дене шынықтыруды қажет етеді. Балуандар арасындағы жарыс қызметкерлердің рухын нығайтады, жеңіске деген ұмтылыс барлық қатысушыларға күш береді, – дейді спортшы-полицей.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, мадақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапаталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру