Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖ қызметкерлері “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖ департаменті ОВ 156/22 мекемесінің қызметкерлері ауыр дертке шалдыққан балаға арнап “Мейірімді жүрек” акциясын ұйымдастырды.

Акцияға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қатысып, үш жастағы Санжардың еміне қаражылай көмек көрсетті.

– Ауыр дертке шалдыққан кішкентай Санжардың дерті туралы естіп, жұмыла көтерген жүк жеңіл деп, бірігіп, ата-анасына Санжардың еміне қаржылай көмек бердік. Сондай-ақ, мекемеміздің сотталғандарын жұмыспен қамтып отырған Азамат Смаков та акцияны қолдады.

Бұл акцияларды өткізудің негізгі мақсаты – қоғамда қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардың мәселелеріне қол ұшын созу. Санжардың болашақта ауыр дертінен сауығып кетуі үшін алда әлі де көмек көрсетеміз, – деді мекеме бастығы Руслан Токтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру