Ер адам ШҚО колониясының қоршауына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болды
Ер адам қатты әсер ететін препараттарды ШҚО колониясының қоршауына лақтырмақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының колониясында мереке күндері ерекше режимдегі түзеу мекемесінің қоршауы арқылы заңсыз заттарды лақтырудың кезекті әрекетінің алды алынды.
Өскемендегі ОВ 156/2 ерекше режимдегі колониясына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адамдар ұсталды. Облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны есірткі заттары бар оралған пакетті лақтырмақ болғаны анықталды.
Тексеру кезінде колония қызметкерлері салмағы бір келіден асатын көкнәрді және белгілі бір иісі бар екі пластикалық бөтелкеге құйылған сұйықтық, сондай-ақ аммиак және елу дана трамадол және қатты әсері бар 20 ампуладан астам тропикамид және инъекцияға арналған шприцтер табылды.
Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
Сондай-ақ, сол күні кешке мекеме қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған затты лақтырмақ болған тағы бір әрекетін тоқтатып, колонияның жанында курьерді ұстады. Ер адам оралған заттарды қара пакетке салып, қоршаудан лақтырмақ болған. Тексеру кезінде төрт түйіннің ішінен салмағы бір келі болатын көкнәр және сыйымдылығы 0,5 л белгісіз сұйықтық тәркіленді.
Қазіргі уақытта барлық тәркіленген препараттар сараптамаға жіберілді.
Екінші жағдайда ер адамның айтуынша, оны таныс емес бір адамның орамды мекеме аумағына лақтырып берсе, бес мың теңге сыйақы төлеуге уәде бергенін айтты.
Ұсталған ер адамдарға қатысты хаттама толтырылды, енді оларға ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша ҚР заңнамасында көзделген жаза қолданылады.