Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адамның үйінен заңмен тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөп анықталды

Қызылордада үйінің ауласына сора өсімдігін еккен тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 маусым күні Қызылорда облысы көлемінде өткізіліп жатқан «Қарасора-2020» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының қызметкерлерімен өсіруге заңмен тыйым салынған
есірткі затына ұқсас өсімдіктерді өз үйінің ауласында заңсыз егіп-өсірген 46 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы қызметкерлерімен қарап-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында 33 түп заңмен тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөп анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге алынған өсімдіктер құрамында есірткі заттары бар 2389,98 гр. сора тұқымдас есірткі өсімдігі болып табылады.

Бұл дерек бойынша ҚP Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру
амалдары жалғасуда, күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

«Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы қызылордалық полицейлермен 15 есірткі құқық бұзушылығы анықталса, оның сегіз дерегі есірткі егіп-баптау деректері.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру