Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құтқару жасағы суға кеткен ер адамның мәйітін тапты

Қостанай облысында ер адам тыйым салынған жерде суға түсіп, батып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 маусымда 21 сағат 05 минутта Қостанай облысының су айдынында кезекті төтенше жағдай болды. Бұл жолы қайғылы оқиға Мендіқара ауданында Лесное ауылынан 12 шақырым жерде орын алды.

“Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ” ММ жедел құтқару жасағының күшімен 1976 жылы туған ер адамның мәйіті табылды және судан шығарылды.

Бұл күні достар  Қарғалы өзенінің жағасында демалған. Куәгерлердің айтуы бойынша, ер адам шомылған және өз күшін есептемей, суға кетіп қалған. Сондай-ақ оларға жағада орнатылған “Суға түсуге тыйым салынады” деген ескерпені елемеген.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды суда қауіпсіздікті сақтауға және оларды басқалардан сақтауды талап етуге шақырады!
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру