Ерейментауда такси жүргізушісінің жеке заттарын қолды қылған павлодарлық ұсталды
Ерейментауда такси жүргізушісінің жеке заттарын қолды қылған павлодарлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қыркүйек жергілікті тұрғын Ерейментау ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне арыз берді. Ер адам 11 қыркүйек күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейінгі уақытта өзіне тиесілі автокөлік салонынан белгісіз біреу ер адамның күміс сақинасын, қол сағатын, LG және Samsung маркалы екі ұялы телефонын, сондай-ақ 90 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын ұрлағанын хабарлады.
Ерейментау ПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Жәбірленушінің айтуынша, соңғы сағаттарда ол жолаушыға қажетті мекенжайға жетуге келіскен.
Жолаушы жүргізушіні жол бойындағы дәмханалар мен мотельдерге бірнеше рет тоқтатып, такси жүргізушісіне тамақтанып алуды ұсынғаны анықталды. Нәтижесінде жәбірленуші ішімдік ішіп, көлікте ұйықтап қалған. Оянған кезде ер адам заттарының ұрланғанын көрген.
Жолаушының жеке деректерін және қылмыс жасауға қатысы бар адамды анықтау үшін Ерейментау ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері осы автомобильдің жүру бағыты бойынша бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді, жүргізуші мен оның жолаушысын бірге көрген ықтимал куәгерлер сұралды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол бұрын ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Павлодар облысының тұрғыны болып шықты. Тергеу жалғасуда.