Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер екі пәтер ұрысын ұстады

Шымкенттік полицейлер екі пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаментіне бірнеше тұрғын пәтер ұрлығы туралы арызданған. Аталған жайт бойынша криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде екі күдіктіні ұстады.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүріп жатыр. Айғақты заттар тәркіленді. Күдікті екі ер адамның қала аумағында жасалған осыған ұқсас 11 қылмысқа қатысы бары анықталды. Тескеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру