Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еріктілер өз қайықтарымен 20-ға жуық тұрғынды құтқарды

Түркістан облысын алғаш су басқан күннен бастап, 25 шақырымдай қашықтықта орналасқан Ильич ауылынан еріктілер көмекке келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауылдың ой-шұқырын жақсы білетін көрші ауылдың тұрғындарынан құрылған 30-ға
тарта ер адамдар қолдарынан келгенше көмектерін беріп жатыр
Тұрғын Хасан Балишевты қасындағы достары үш күннен бері ұйықтамай, мүмкіндігінше жәрдем беріп, қайығымен 15-тен астам тұрғындарды алып шыққанын айтады. Аталған еріктілердің кезінде өздері үшін әуесқойлықпен 2004 жылы алып қойған қайықтары, ел басына күн туғанда таптырмас құтқару құралы айналған. Қазіргі таңда осы қайықпен күндіз-түні полицейлер мен еріктілер ауылдарды аралап шығып, жағдайды бағамдап отыр.

Еріктілер өз сөздерінде: «Су басу қаупі бар дегенді естігеннен осында келдік. Ең алғашқы көмекті полицейлермен бірге біз бердік десекте болады. Қаншама тұрғындарды, үй малдарын қауіпсіз аймаққа шығардық. Біздікі кішкене де болса, өз қолдауымызды көрсету «-деді.

Мақтаарал ауданындағы қиын жағдай жергілікті жұртшылықты әбігерге салды. Бір сәтте барлық жиған-тергенінен, баспаналарынан айырылып қалу өте ауыр. Дегенмен, қиындыққа
сабырмен қарап, соңынан жақсы боларына сенейік.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру