Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерлігіңе мың тағзым, батыр Аян!

Екі миллион халқы бар Алматыны аяғынан тік тұрғызған қанды оқиғаға бүгін төрт жыл болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сол күні үш полиция қызметкерін, бір бейбіт тұрғынды және бір шекарашаны атып өлтірген қанішер Руслан Күлекбаевты Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2-батальонының полицейі, полиция старшинасы Аян Ғалиев қызметтік тапаншадан атып, жаралап қолға түсірді. Өкінішке орай Аянның өзі қылмыскердің қолынан қаза тапты.

– Біз батыр әріптесіміз Аян Ерболғанұлын ешқашан есімізден шығармаймыз. Оның отбасын да ешқашан назардан тыс қалдырмаймыз. Аянның ерлігі жас ұрпақ үшін өшпес өнеге, Қазақстан полициясының антына адалдықтың үлгісі, – дейді Алматы қаласы МКҚБ 2-полиция батальоны командирінің орынбасары Сабыр Айдарбеков.

Аянның арманы көп еді. Қызыл гүлдей жайнап келе жатқан қызы мен өзі он жыл күткен ұлының бақытына бөленуді армандайтын. Бірақ оның бар арманын бір қорғасын оқ қиып түсті. Бірақ сен қаншама адамның өмірін сақтап қалдың.

ЕРЛІГІҢЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ, БАТЫР АЯН!!!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру