Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада республикалық “Жолда қабылдау” акциясы өтіп жатыр

“Жолда қабылдау” акциясы барысында қала тұрғындарына құқықтық кеңес беріліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін акция барысында Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары бойынша тұрғындардан жеті сұрақ түсті.

Мысалы, Қызылорда қаласының тұрғыны Абылаев Еркін Армения Республикасынан әкелінген көлік құралының бастапқыда басқару жүйесі оң жақ болып шығарылғанын, алайда қазіргі таңда сол жақ бетке көшірілгендігін айтып, бұл көлік құралын Қазақстан Республикасында тіркеу есебіне қою туралы  сұрағын қойды.

Тұрғынның сұрағына Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Н.Пазылов “Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығынан” жоғарыда аталған көлік құралының басқару жүйесі оң жақтан сол жақ бетке ауысқаны туралы растайтын сертификат алған жағдайда ҚР есебіне тіркеуге болатындығын түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру