Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерте есеюге тура келді: қаза тапқан полицейдің ұлы өзінің балалық шағы туралы бөлісті

СҚО-да қаза тапқан полицейдің ұлы өзінің балалық шағы туралы бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2006 жылдың бірінші қыркүйегі Антон Гордеев үшін естен кетпес күн. Таң алдында үйге полицейлер келіп, әріптесінің қаза болғаны туралы суыт хабарды жеткізген. Бұл кезде ұйықтап жатқан 9 жастағы бала анасының қайғырып жылаған даусынан оянып кетеді, бұл оқиға оның бала көңілінде өмір бойына күйік пен қайғы ізін қалдырды. Анасы кейін оған әкесінің ешқашан келмейтінін айтқан.

Жамбыл ауданы ІІБ полиция старшинасы Александр Гордеев түнде қызметтік іссапардан келе жатқан. Қарсы бағытқа шығып кеткен мас жүргізушінің кесірінен Александр Гордеев және оның бастығы АІІБ бастығының орынбасары Ерік Оспанов жол-көлік оқиғасында қаза тапты.

– Ол күнгі естеліктер бұлыңғыр, тек мектепке баруым керек болатыны есімде. Анамның қатты жылағаны есімде, қайғылы оқиғаның орын алғанын сездім. Әкемнің келмейтініне көп уақыт сене алмадым, – деп есіне алды Антон Гордеев.

Қазіргі уақытта Антон Гордеев 24 жаста, ол әкесінің ізімен полицияда қызмет етеді. Аға сержант Жамбыл ауданы ПБ уақытша қамауда ұстау изоляторының полицейі болып жұмыс істейді. Осы жылы университетті аяқтап, офицер болғысы келеді. Анасы Ольга Николаевна екі ұлын өзі тәрбиелеп өсірді. Кіші ұлы Данила ол кезде үште болғандықтан, әкесі есінде қалмаған.

– Ерте есеюге тура келді, шаруашылықта қолғабыс болдым. Анама оңай болған жоқ. Әкемнің жұмысына апарғаны есімде. Бірақ соншалықты көп естелік қалмаған, – деді Антон Гордеев.

Отбасыда орын алған қайғылы жағдайға қарамастан, екі ұлы да болашақтарын азаматтардың құқықтарын қорғайтын жұмыспен байланыстырады. Кіші ұлы М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да заңгер мамандағында оқиды.

– Гордеевпен жұмыс істеген әріптестері оны өз ісіне адал, әділ адам деп біледі. Ұлдарының біреуі полицияда жұмыс істейді, бұл қуантарлық жайт. 4 жылда өзін жауапкершілігі мол, тәртіпті қызметкер ретінде көрсетті, – деп атап өтті Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру