«Ертіс орманы» РММ-індегі ауқымды операция: сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Ертіс орманы» ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселен, 18 қыркүйекте облыстық прокуратураның үйлестіруімен «Ертіс орманы» резерваты бойынша ауқымды операция жүргізілді.
Полиция қызметкерлері «Ертіс орманы» РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді.
Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге «Ертіс орманы» РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.