Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ертіс орманы” РММ-індегі ауқымды операция: сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Ертіс орманы” ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, 18 қыркүйекте облыстық прокуратураның үйлестіруімен “Ертіс орманы” резерваты бойынша ауқымды операция жүргізілді.

Полиция қызметкерлері “Ертіс орманы” РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді.

Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге “Ертіс орманы” РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін.       

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру