Ертіс сақшылары мас күйде көшедегі адамдарды балағаттаған тұрғынды жауапқа тартты
Павлодарда алкогольдік ішімдік ішкен азамат көшедегі азаматтарға тіл тигізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Қамзин көшесінің бойында жүрген жүрісі күдікті ер адамды байқаған, оның қолында алкогольдік ішімдіктің бөтелкесі болды. Ер адам өтіп бара жатқан адамдарға балағат сөздер айтып, тиіскен. Полиция қызметкерлері аталған азаматты ұстағаннан кейін, ол қашып кетуге тырысып көрді. Алайда талпыныс сәтсіз аяқталды. Медициналық куәландыру нәтижелері ұсталған адамның орташа ауырлықтағы алкогольдік масаң күйде екенін көрсетті.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік іс қозғалды.
– 2021 жылдың өткен кезеңінде Павлодар облысының аумағында қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 1075 құқық бұзушы анықталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.