Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық алаяқ екі адамды сан соқтырған

Қызылордалық алаяқ екі жәбірленушіден 1 500 000 теңгеге жуық ақша алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 ақпанда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған 43 жастағы жергілікті тұрғын арызданды.
Оның айтуынша, белгісіз ер азамат 2019 жылдың шілде айынан бастап оны Қазақстан темір жолына жолсерік ретінде жұмысқа орналастыруға уәде беріп, алдау жолымен 740 000 теңгесін иемденген.

Сол күні полицияға тағы бір жергілікті тұрғыннан алаяқтық дерегі туралы арыз түсті. 2019 жылы белгісіз азамат оны таныстары арқылы жолсерік етіп, жұмысқа орналастыруға уәде беріп, алдау жолымен 700 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын алған.

Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде аталған қылмыстарға қатысы бар 1975 жылы туған қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру