Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Ақмола облысында 17-19 ақпан аралығында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні жол қозғалысы ережелерін бұзудың 800-ге жуық дерегі анықталды, оның ішінде мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 15 дерегі, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік басқаруының 3 дерегі, көлік басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралдарын басқаруының 13 дерегі, белгіленген жылдамдық режимін бұзудың 87 дерегі, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 114 дерегі,  қозғалыс кезінде ұялы телефон пайдаланудың 46 дерегі, маневр жасау ережелерін бұзудың 25 дерегі, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 145 дерегі, заңсыз жолаушы тасымалдаудың 3 дерегі бар.

Сонымен қатар, 17 ақпанда “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ПД ППБ инспекторлары “Жақсы-Есіл-Бұзулық” автожолының 66 шақырымында маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін “Daewoo Nexia” маркалы автокөлікті  тоқтатқан, аталған көлікті 35 жастағы ер адам басқарып келе жатқан. Арнайы есептер бойынша құжаттарын тексеру кезінде жүргізушіге Нұр-Сұлтан қаласының  Полиия департаменті “алимент төлемеуші” ретінде іздеу жариялағаны анықталды. Аталған азамат Есіл ауданының полиция бөліміне жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру