Есепте тұрған азаматтар медициналық сақтандырудан өтті
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық пробация қызметкерлері есепте тұрған азаматтарды медициналық сақтандырудан өткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске асырылуда. Шемонаиха аудандық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көмек көрсету үшін, тұрғылықты мекен-жайлары бойынша емханаға апарды.
Есепте тұрған сотталғандарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қандай көмекке жүгіне алатындықтары туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп, келісім шарт жасалды.Істі болғандар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде қызметке жүгіне алатын болды.