Есептегі еріктілер балаларға қуаныш сыйлады
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Байқоңыр қалалық пробация қызметінде тұратын есептегі еріктілер балаларға қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар, Ақай ауылдық округінде тұратын аз қамтылған, көпбалалы төрт отбасына азық- түлік себетін беріп, балаларына тәттілер мен сусындар үлестірді.
«Бала қуанса – әлем қуанады» дегендей, тәттілерге таласып, қуанған бүлдіршіндердің қуанышты жүзін көрген есептегі адамдардың да көңілі марқайып қалды.
Жаны жомарт есептегі ерікті жандар, қайырымдылық шарасына бір кісідей белсенді атсалыса бермек.