Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есептегі еріктілер балаларға қуаныш сыйлады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Байқоңыр қалалық пробация қызметінде тұратын есептегі еріктілер балаларға қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар, Ақай ауылдық округінде тұратын аз қамтылған, көпбалалы төрт отбасына азық- түлік себетін беріп, балаларына тәттілер мен сусындар үлестірді.

“Бала қуанса – әлем қуанады” дегендей, тәттілерге таласып, қуанған бүлдіршіндердің қуанышты жүзін көрген есептегі адамдардың да көңілі марқайып қалды.

Жаны жомарт есептегі ерікті жандар, қайырымдылық шарасына бір кісідей белсенді атсалыса бермек.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру