Есіл қаласында ұрланған көлік иесіне қайтарылды
Есіл қаласында ұрланған көлік иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған қылмыстық құқық бұзушылықты ашты.
12 қыркүйек Есіл ауданының полиция бөліміне Есіл қаласының 36 жастағы тұрғынының ағымдағы жылдың 11-12 қыркүйек аралығында белгісіз тұлға үйдің ауласынан оның автокөлігін айдап әкеткендігі туралы жүгінді. Полиция қызметкерлері арызданушы автокөлігін үйдің ауласында құлыптамай қалдырып кеткенін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған автокөлік қала көшелерінің бірінен табылды. Күдіктінің жеке басы анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.