Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында 28 сотталған кешкі мектепте білім алуда 

Қызылорда облысында 28 сотталған кешкі мектепте білім алуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде жазасын өтеп жүрген 28 сотталған 2021-2022 оқу жылында орта білім алуға өтініш берді. Оларға қазіргі таңда кешкі мектеп мұғалімдері офлайн форматта білім беруде. Мекеменің ішкі күн тәртібіне сәйкестендіріп, сотталғандардың сабақ кестесі құрылып, оқу жоспарына сәйкес білім алады. ЗК-169/4 мекемесінде сегіз сотталған, ЗК-169/5 мекемесінде 20 сотталған орта білім алып жатыр.

ЗК-169/5 мекемесінде келісім-шарт негізінде Қызылорда политехникалық колледжі мен Қызылорда сервис және бизнес колледжі колледж жұмыс істейді. 2021-2022 оқу жылында 50 сотталған “Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері”, “Құрылыс және әрлеу жұмыстары” мамандықтары бойынша 10 ай білім алса, 25 сотталған “Техник-механик” мамандығы бойынша бір жыл 10 ай білім алады. 

– Колледжді тәмамдап, диплом алған сотталғандар мамандықтары бойынша мекеменің өндірістік аймағындағы тігін цехында жұмыс істей алады. Босатылған соң алған білімін кәдеге жаратып, мамандығы бойынша жұмыс жасауына да болады. Жуырда мекемеден тігінші мамандығын алып, бостандыққа шыққан азамат жеке кәсіпке бет бұрды. Білімін жетілдіріп, мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктерді пайдаланып, жеке тігін цехын ашты. Түзеу мекемесінде алған мамандығы кәдесіне жарады. Сотталғандарды түзелу жолына түсіру үшін мекеме әкімшілігі жұмысқа орналастыру және білім беру жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыр, – деді мекеме бастығының орынбасары Ж.Ауешов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру