Есірткі еккен қызылордалық ұсталды
Есірткі еккен қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 маусым күні Қызылорда облысы ПД-ті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала тұрғыны сора өсімдігін еккендігін анықтады.
Оқиға орнын тексеру барысында күдікті өз үйінің ауласында 21 түп жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді егіп-өсірген.
Тағайындалған сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес анықталған шөп – 21 түп сора өсімдігіне жататындығы белгілі болды.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.