Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі еккен қызылордалық ұсталды

Есірткі еккен қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 маусым күні Қызылорда облысы ПД-ті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала тұрғыны сора өсімдігін еккендігін анықтады.

Оқиға орнын тексеру барысында күдікті өз үйінің ауласында 21 түп  жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді егіп-өсірген.

Тағайындалған сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес анықталған шөп – 21 түп сора өсімдігіне жататындығы белгілі болды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру