Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сақтаған ер адам ұсталды

Түркістан облысының полицейлері бір келіден астам есірткі сақтаған, бұрын сотты болған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жақын таныс емес адам, өзімен бірге ірі көлемде «марихуана» есірткі затын алып жүргені жөнінде хабарлады. Аталған ақпарат Түлкібас АПБ-мен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.​​​​​

Хабарламада көрсетілген жайтты анықтау мақсатында оқиға орнына Түркістан облысы ПД ЕБҚКБ-ның қызметкерлері мен Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері шығып, шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікке ілінген тұрғынның жеке-басы анықталды.

Тәртіп сақшылары күдіктінің тұрғын үйін жеке тінту әрекетін жүргізу барысында, ол өз еркімен бір дана полиэтилен пакетке оралған, өзіне тән хош иісі бар, жасыл түсті марихуана есірткі затына ұқсас, өсімдік тектес затты тапсырған. Сонымен қатар, оқиға орнынан айғақты зат ретінде тағы бір дана папироста және полиэтилен пакетіне салынған «кептірілген өсімдік» табылды.

Полицейлердің қырағылығы мен кәсіби шеберлігі арқасында табылып, алынған заттарға сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталмыш зат салмағы бір келіден астам ірі көлемді «кептірілген марихуана» болып шықты. ​​Тергеу барысында күдікті бұдан алдын есірткі сақтағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 9 жылға сотты болғаны белгілі болды. Оның айтуынша, ол бұл жолы да есірткі затын өзі қолдану үшін сақтаған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.​​

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолданып, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқық бұзушылыққа өзіне сәйкес жауапкершілік қаралғанын ескертеді. Есірткіні қолдану, бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға қауіпті. Полицейлер қайта салауатты өмір салтын қолданып жүруге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру