Есірткі саудасы үшін сотталған мемлекетаралық қылмыскерді ақмола полицейлері ұстады
Есірткі саудасы үшін сотталған мемлекетаралық қылмыскерді ақмола полицейлері ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Зеренді ауданының кенттерінің бірінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 1978 жылы туған қылмыскерді ұстады.
Орынбор қаласының тумасын Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары РФ ҚК 228-бабы 3-бөлігінің «б» тармағында, 30-бабының 3-бөлігінде, 228-бабы 4-бөлігінің «г» тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздестірген.
Ұсталған азамат 2018 жылы есірткі заттарын ерекше мөлшерде заңсыз сатқаны үшін сотталғаны белгілі, алайда сотталушы қашып кеткен. Осыған байланысты іздеу жарияланды.
Үш жыл «қашудан» кейін ер адам Ақмола облысы Зеренді ауданы ауылдарының біріне оралды, ол жерде бұрын әкесі де тұрған.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, Ресейге экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.