Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО жолдарында 50 адам зардап шекті

Жыл басынан СҚО жолдарында 50 адам зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полициясына 21 наурызда орын алған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен ер адамнан арыз келіп түскен. Жамбыл мен Пионер көшелерінің қиылысында 32 жастағы қала тұрғыны “Toyota-Camry” автокөлігінің рөлінде бола отыра қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп Қызылжар ауданының 64 жастағы тұрғынының басқаруындағы “Audi 80” көлігімен соқтығысқан. “Audi” көлігінің жүргізушісі қалалық көпбейінді аурухананың травматология бөлімшесіне емделуге жатқызылды. Арыз түскеннен кейін аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Тергеу шеңберінде оқиғаны толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті сараптамалар тағайындалады, — дейді Петропавл қ. ПБ Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Тасболатов. — Жүргізушілерге маусымаралық кезеңде жолда ерекше сақтық танытуға кеңес береміз. Температураның төмендеуі жол бетінің мұз болып қатуына әкеледі. Осындай жағдайлардағы басты кеңес – жылдамдық режимі мен көлік құралдары арасында арақашықтықты сақтау.

Барлығы үш айда СҚО жолдарында 35 жол-көлік оқиғасы орын алған, төрт адам қаза тауып, 46 адам жарақат алған. Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру