Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі тасымалдаған күдікті құрықталды

Қызылорда облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушінің көлігінен бір келіге жуық марихуана табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 2020 жылғы 21 желтоқсанда «Қызылорда-Жезқазған» тас жолында жол қозғалысы ережелерін бұзған «Митсубиси Галант» автокөлігін  тоқтатқан. 

Тексеру барысында автокөліктің салонынан жолаушыға тиесілі ерекше иісі бар шөп салынған полиэтилен пакет алынды. Сараптама қорытындысына  сәйкес ерекше иісі бар заттың бір келіге жуық кептірілген марихуана екендігі анықталды.

Күдікті оқиға орнында ұсталды, ол Жезқазған қаласының 41 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру