Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұялы телефоны табылған тұрғын алғысын білдірді

Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімінің бастығы Елдос Нұрғалиевке Шарбақты ауылының тұрғыны Любовь Вечеркодан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Ренат Садвокасовқа және анықтау бөлімінің анықтаушысы Айдана Ғалижапарға жоғалған телефонын іздеуге уақтылы көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Аталған азаматша ұялы телефонын жоғалтып алып, оны өз бетімен табуға тырысқан, алайда телефон табылмағандықтан, ол Шарбақты аудандық полиция бөліміне көмек сұрап жүгіну туралы шешім қабылдаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында тәртіп сақшылары әйелдің барлық қозғалыс бағыттарын пысықтап, оның ұялы телефонын тауып, иесіне қайтарды.

– Мен сізге және қызметкерлеріңізге ұялы телефонымды тез арада тауып бергені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Шарбақты ауданының полиция бөлімінің барлық ұжымына мықты денсаулық, амандық, ашық аспан, тыныш кезекшіліктер және барлық жақсылықты тілеймін, —​ делінген ауыл тұрғынының хатында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру