Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткіге мас күйде көлік басқарған ақтөбелік қамауға алынды

Қандыағашта мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында сағат 22.30-да Мұғалжар ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызметкерлері Қандыағаш қаласындағы Железнодорожная көшесінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ресейлік есептегі 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ВАЗ-2115 автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің жағдайы полицейлерде күдік тудырды.

Сараптама жүргізілді, ол жүргізушінің көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын көрсетті. Сонымен қатар, жүргізуші бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Есірткіге мас күйінде болған, т/с басқару құқығынан айырылған адамды т/с басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру