Балқаштық бұзақылар ескерту жасаған әйелді соққыға жықты
Ескерту жасаған әйелді соққыға жыққан бұзақыларды Балқаш қаласының полицейлері ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қыркүйек күні Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөліміне 38 жастағы азаматша хабарласып, өзін белгісіз біреулер соққыға жыққаны туралы арызданған. Оқиға жәбірленушінің өзі тұратын көп қабатты үйдің ауласында болған.
Жұмыстан үйіне келе жатқан азаматша үйдің ауласында ерсі қылық жасап отырған екі қызды көріп оларға ескерту жасаған. Бұл ескертуі ұнамаған күдіктілер жәбірленушіге соққы жасап, оқиға орнынынан тайып тұрған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 және 29 жастағы азаматшалар ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.