Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бөтеннің ауласынан зат ұрлаған ер адамға қатысты іс қозғалды

Ауылдасының үйінің ауласынан темір бак ұрлаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні Қарағанды облысы Осакаров аудандық полиция бөліміне 31 жастағы ауыл тұрғыны хабарласып, үйінде болмаған кезде белгісіз біреу су құятын темір багын ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құраған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен 55 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылып, одан жәбірленушінің үйінен ұрланған бак тәркіленіп алынды. Күдікті ұрланған затты қараусыз жатқан соң ешкімге керек емес деп ойлағанын айтып ақталды. Алайда, оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру