Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Hi-tech»: Ақтөбе облысында 14 алаяқтық қылмысы ашылды

Ақтөбе облысында «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8-14 қараша аралығында республика аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жасалатын өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

«Hi-tech» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбе облысы ПД КПБ қызметкерлері бір деректі анықтады. 29 жастағы ер адам «Оlx.kz» әлеуметтік желісінде тауарды сату туралы хабарландыру жариялап, жәбірленушіге тауарды жеткізуге уәде беріп, оның 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.

Аталған дерек ҚР ҚК 190-бабы 2.4-тармағы (Ақпараттық жүйені пайдалана отырып, алдау жолымен жасалған алаяқтық) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Бұл іс-әрекет мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

«Hi-tech» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген үш күн ішінде ҚР ҚК 190-бабының 2.4-тармағы (Алаяқтық) бойынша бұрын жасалған 14 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, ҚР ҚК 198-бабының 1-бөлігімен (Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) және Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабының 2.4 тармағымен қпараттық жүйені пайдалана отырып, алдау жолымен жасалған алаяқтық) көзделген төрт қылмыс анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру