Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қос азаматтығы бар әйел анықталды

Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтық фактілерін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Осындай факттердің бірін тәртіп сақшылары өткен аптада анықтады.

2021 жылғы 4 қарашада Ресей Федерациясының азаматшасы мемлекеттік шекарадан өткен кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін пайдаланды. Аталған факті Өскемен қаласы Полиция басқармасының Көші-қон қызметінің қызметкерлерімен құжаттарды тексеру кезінде анықталды.

53 жастағы азаматша 2021 жылы Новосибирск қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда Қазақстан аумағына кірген кезде оның жеке басын куәландыратын құжатты ҚР азаматы ретінде пайдаланған, осылайша өз іс-әрекеттерімен Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттары алынып, азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК- нің 496- бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайтынын еске салады. Бұзушылық орын алған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру