Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрғынды алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды

Шымкентте тұрғынды алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азаматша мемлекеттік бағдарлама арқылы 250 000 теңге алып бере алатындығын айтып, сеніміне кіріп, 73 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру