Қызылорда облысында көрші ауылдан 3 сиыр ұрлаған ер адам ұсталды
Қызылорда облысында бір жайылымнан үш сиыр ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды , – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының Полиция департаменті Шиелі ауданы полиция бөліміне мал жайылымдардың бірінен үш бас сиырдың қолды болғаны туралы хабарлама түскен.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен көрші ауылдың 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысында күдіктінің көрші ауылдың мал жайылымнан екі апта ішінде үш бас сиырын ұрлап, мал базарына апарып сатып жібергендігі анықталды. Жәбірленушіге 600 мың теңге шығын келген.
Сонымен қатар қазіргі таңда оның өзге де мал ұрлығына қатыстылығы тексерілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.