Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте медбике тұрғынға COVID-19 екпесі егілгенін растайтын жалған тіркеу жүргізген

Шымкентте медбике тұрғынға COVID-19 екпесі егілгенін растайтын жалған тіркеу жүргізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 12 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаментіне қаладағы емхана қызметкерінің Қаратау ауданының тұрғындарына COVID-19 екпесі егілгені туралы жалған анықтама жасап жүргендігі жөнінде ақпарат келіп түскен.

Хабарлама бойынша Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қалалық емханалардың бірінде медбикенің жергілікті тұрғынға COVID-19 екпесі егілгенін растайтын жалған тіркеу жүргізгенін анықтады.

Аталған жайт ҚР ҚК 385-бабының 1-бөлігі (Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын куәлiктi немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау не мұндай құжатты өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кетейік, бұл қылмысты жасаған адам екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру