Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Алматы академиясында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

ІІМ Алматы академиясында “Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл: отандық және шетелдік тәжірибе” тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара алыс шетелдерден, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінен, Индонезиядан, Того Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстан Бас Прокуратурасынан, Гонконг полиция колледжінен құқық қорғау органдарының өкілдерінен жетекші сарапшыларды жинады. Қатысушылар қатарында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамының (GIZ) халықаралық ұйымдарының, Нидерланды Корольдігінің елшілігінің, БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының, Германия консулдығының және Еуропалық Одақтың өкілдері болды. Конференция ТМД елдері мен Қазақстанның жетекші ғалымдарын, сарапшылары мен қоғамдық ұйымдарын біріктірді.

Конференцияның негізгі мақсаты – экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі тиімді тәжірибелер мен стратегияларды талқылау, сондай-ақ қатысушылар арасында тәжірибе алмасу болды. Ұйымдастырушылар одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтай отырып, әртүрлі сала мамандары арасындағы диалог үшін платформа құруға ұмтылды.

Конференцияға қатысушылардың алдында Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков сөз сөйлеп, экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ол конференция жұмысы жемісті болатынына және талқылау нәтижелері осы маңызды саладағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң әсер ететініне сенім білдірді. Конференцияға қатысушыларға арнаған үндеуінде ол: “Қазіргі жағдайда экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл кешенді тәсілді талап етеді. Ведомстволық оқу орындары жаңа форматтағы мамандарды даярлауда шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар әлеуметтік жобалар аясында халықпен алдын алу жұмыстары өте маңызды.

Конференция соңында барлық қатысушы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл үшін тиімді шаралар қабылдауға дайын екендіктерін білдіріп, осы жаһандық саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру