Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Алматы академиясында криминалистердің ведомство қызметтерімен өзара іс-қимылы талқыланды

ІІМ Алматы академиясында криминалистердің ведомство қызметтерімен өзара іс-қимылы талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ орталық аппаратының қызмет басшылары ІІМ Алматы академиясының басшы құрамын даярлау факультетінің тыңдаушыларына арнайы сабақтар өткізді.

Бұл қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін едәуір тереңірек қарастыруға, жинақталған практикалық тәжірибені жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл жолы тыңдаушылармен ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Серік Садықов тергеу және жедел-криминалистикалық бөліністерді басқаруды ұйымдастыру бойынша сабақ өткізді.

Қосымша сабақтар ғылыми-педагогикалық және қос дипломды бағыттағы магистранттармен, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру факультетінің 1 курс докторанттарымен де ұйымдастырылды.

Криминалистердің жедел-тергеу бөліністерімен, көші-қон, әкімшілік, сондай-ақ қылмыстық-атқару қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуының проблемалық мәселелері қаралды.

Тыңдаушылар криминалистика саласында ІІМ әзірлеген жаңа әдістемелік ұсынымдармен, құралдармен және оқу фильмдерімен танысты.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері, оның ішінде министрліктің бюрократиядан арылту, жұмыс процестерін оңтайландыру бойынша қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ жедел-криминалистикалық қызметті дамыту перспективалары талқыланды.

Осы форматта оқыту қызметтердің өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін заманауи шешу бойынша басшылардың дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру