Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер ұсталды

Алматының криминалдық полиция қызметкерлері ЛА-155/18 мекемесінен қашып кеткен қылмыскерді түнде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Криминалдық полиция басқармасы мен Түріксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарасу ықшам ауданындағы Солтүстік айналма көшесі бойында қашқын ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қашу дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 426-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Айта кетейік, ол ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен адам өлтіру дерегі бойынша 10 жылға сотталған.

Қашу дерегі бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерлерге қатысты тексеру жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру