ІІМ Алматы академиясының тыңдаушылары Дінмұхамед Қонаевты еске алды
ІІМ Алматы академиясының тыңдаушылары Дінмұхамед Қонаевты еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 тамыз – қазақ халқының біртуар перзенті, көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алу күнінде ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының тыңдаушылары қоғам қайраткерінің бюстіне гүл шоқтарын қойып, оның мұражайына және Мемориалды пәтеріне саяхат жасады.
Дінмұхамед Ахметұлы ұзақ жылдар Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, КСРО Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі болған, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған көрнекті қайраткер.
Қазақ халқының біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Талдықорған, Екібастұз қалаларындағы көшелерге есімі берілсе, 3 мамырда Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы болып өзгертілді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың елге сіңірген еңбегі мен жетістіктерін кеңінен насихаттау үшін өткізілген іс-шара академия тыңдаушыларының Отанға деген патриоттық рухын көтеретін шара болды.