ІІМ Бахрейндегі сексуалдық құлдық құрбандарының бейнежазбасымен бөлісті
ІІМ Бахрейнде сексуалдық құлдықтың құрбанымен болған интервьюдің бейнежазбасын жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еске сала кетсек, 2020 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі адамдар саудасының халықарасын арнасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топты құрықтаған еді.
Қаскүнемдер халықтың әлеуметтік осал топтары мен материалдық қиындықтарға тап болған санаттағы жас қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды өз дегендеріне көндіріп, оларды әрі қарай сату және сексуалдық құлдықта ұстау үшін шекара арқылы Бахрейннің Манама қаласына жөнелткен.
Полиция қызметкерлері тірі тауарды жеткізу арнасын Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Бахрейн Корольдігінің азаматтарынан құрылған оннан астам адамнан тұратын қылмыстық топ ұйымдастырғанын анықтады.
Олар құрбандарына шетелде жалақысы жоғары жұмыс ұсынып, олардың қызығушылықтарын оятқан, алайда қыздар Бахрейнге жеткеннен кейін бірден сексуалдық құлдыққа түскен.