ІІМ басшысы ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың, кадрларды бірлесіп даярлаудың басым мәселелері және оларды одан әрі дамыту перспективалары қаралды.
Жалпы кездесуге қатысушылар ішкі істер органдары бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.
Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог атмосферасында өтті.