Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы азаматқа жеке басын куәландыратын құжатты алуға көмектесті

Алматы полициясы азаматқа жеке басын куәландыратын құжатты алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселе бір ай бұрын қалалық көші-қон қызметіне көмек сұрап жүгінген 51 жастағы Сергей Чайкин туралы болып отыр.

– Ол бізге басынан өткен оқиғаны айтып, 1996 жылы қатты соққыға жығылған кезде ескі төлқұжатын жоғалтып алғанын мәлімдеді. Осы уақыт бойы ер адам қиын өмірлік жағдайда болды, кез келген жұмыстарды жасады. Бір айдың ішінде жеке куәлігін рәсімдеп, табыстадық, – деді көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Жанна Жақыпбаева.

– Мен Алматы қаласында дүниеге келдім, өмір бойы осында тұрдым. 90-жылдары мен өте қиын өмірлік жағдайға тап болдым. Қызыл төлқұжатымды жоғалттым, пәтерімнен, жұмысымнан айырылдым. Күн көріссіз қалдым. Ұзақ уақыт бойы мен құжаттарды жинауға тырыстым, бірақ денсаулығыма байланысты қолымнан ештеңе келмей жүрді. Алматы қаласының көші-қон полициясына жүгінгенімде, қажетті құжаттарды жинап, бір айдың ішінде рәсімдеуге көмектесті, ақыры көптен күткен құжат – жеке куәлікті алдым. Алматы қалалық көші-қон полициясының қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деп ризашылығын білдірді Сергей Чайкин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру